Отан қорғаушы күніне орай Ұлттық ұланның әскери бөліміне бару ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың судьялары мен оның Аппаратының қызметкерлері ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөліміне барды. Шара Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Ұлттық ұлан өкілдері қару-жарақ, әскери техника және арнайы жабдықтар көрмесін ұйымдастырып, заманауи автокөлік үлгілерін, броньды техникаларды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қолданылатын техникалық құралдарды таныстырды.

Шара барысында саптық алаңда Ұлттық ұланның Құрмет қарауылы ротасының көрсетілімдік дефилесі өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар Ұлттық ұлан музейін аралап, оның қалыптасу тарихымен, негізгі даму кезеңдерімен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1216773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version