«Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай Департаменттің әйелдер ұжымы ер-азаматтарды құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әйелдер ұжымы ер-азаматтарды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мерекесімен құттықтап, зор құрмет көрсетті.

Жұмыс күнінің басынан бастап әйелдер ер-азаматтарды құрметпен қарсы алды. Түскі үзіліс уақытында саябақта тимбилдинг ұйымдастырылды.

Онда ойындар ұйымдастырылып, әйелдер ер-азаматтарға жылы тілектерін білдіріп, ерен еңбектері үшін алғыс айтты.

Департамент басшысы, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы да құттықтау сөз сөйлеп, жылы және әсерлі іс-шарасына ұйымдастырғаны үшін әйелдер ұжымына ризашылығын білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1216150?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version