Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ж. Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектепте «Жас құтқарушы – Жас сарбаз» сыныбының салтанатты ашылуы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа сынып 6-сынып оқушыларынан құралған және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке, тәртіпке және қоғамға қызмет етуге дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған. Білім беру үдерісі тек негізгі оқу бағдарламасымен шектелмей, алғашқы әскери дайындық элементтерін, қауіпсіздік негіздерін, дене шынықтыруды дамытуды қамтиды.
Іс-шара барысында оқушылар сапқа тұрғызылып, Мемлекеттік Гимн орындалды, сондай-ақ мектеп пен 20982 әскери бөлімі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты жиынға білім беру саласының өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, педагогтар мен ата-аналар қатысты.
Сыныпқа жетекшілік ететін – Ж. Тәшенов атындағы №68 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы аға сержант Саян Насухин.
Мұндай сыныптың ашылуы – оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруда, көшбасшылық қасиеттерін дамытуда, сондай-ақ әскери қызмет пен азаматтық қорғау саласына кәсіби бағдар беруде маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1216005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version