Қазақ ұлттық спорт университеті мен Венгрия спорт университеті спорт ғылымы, жаттықтырушыларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын дамыту саласындағы Excellence Center – Үздік тәжірибе орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
Орталық бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді, тренингтерді, біліктілікті арттыру бағдарламаларын және академиялық алмасуды жүзеге асыратын халықаралық алаңға айналады.
Excellence Center базасында студенттер, жаттықтырушылар мен мамандар халықаралық білім беру курстарына, сертификаттау бағдарламаларына, заманауи даярлау әдістемелеріне, бірлескен зерттеулерге және жоғары жетістіктер спортындағы тәжірибелерге қол жеткізе алады.
Алғашқы жобалардың бірі ретінде ҚазҰСУ студенттерін Венгрияда “Physiology of Top Performance” халықаралық курсы бойынша академиялық кредиттерді игере отырып оқыту жоспарлануда.
Excellence Center-дің іске қосылуы спорт саласы мамандарын даярлау сапасын арттыруға, халықаралық әріптестікті нығайтуға және қазақстандық студенттер мен жаттықтырушылардың спорт ғылымы мен жоғары жетістіктер спорты саласындағы озық әлемдік тәжірибелерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1216965?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау