“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес 2026 жылғы 5 мамырда Приреченка ауылында жергілікті қоғамдастық жиыны өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Приреченка ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі;
ауылдық округтің елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру;
жеке сектордағы мал жаюды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабының талаптарын сақтау (“Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу”);
өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Сонымен қатар, тұрғындарға алаяқтық, қаржы пирамидаларының қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берілді.
Барлық сұрақтар бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-prirechen/press/news/details/1216801?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау