Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова бизнес өкілдерімен кездесіп, өңірдегі бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады.
Сапар аясында сауданы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, саланы цифрландыру және экспорттық әлеуетті кеңейту мәселелері талқыланды.
Вице-министр «Зерде-Керамика Ақтөбе», Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, «Alash Engineering Technology» ЖШС және «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауытының» жұмысымен танысты. Өңір кәсіпорындары ішкі нарық үшін өнім шығарып, оны ТМД елдеріне, Түркияға және басқа да мемлекеттерге экспорттайды.
Сапар қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жоғары өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетке ие екені, ал іске асырылып жатқан жобалар шикізаттық емес экспортты дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізетіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1216439?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау