Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел ішіндегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен достықтың жарқын көрінісі. Сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етіп жатқан еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше.

Біздің Орал қаласы да – бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп келе жатқан шаһар. Қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген барша тұрғындарға алғыс білдіремін. Береке мен бірлік бар жерде – тұрақтылық пен өсім болары анық.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1216323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version