Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың мәңгілік үлгісіне айналған ұлы мереке. Ұлы Отан соғысы жылдарында халқымыз теңдессіз батырлық танытып, бейбіт өмір мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін жан аямай күресті. Сұрапыл соғыстың ауыртпалығын көтерген ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен еңбегі – әрдайым зор құрметке лайық.
Біз Сіздердің жанқиярлық ерліктеріңіз бен Отанға деген адалдықтарыңызды әрқашан мақтан тұтамыз. Бүгінгі бейбіт өмір – Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің нәтижесі.
Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым тыныштық пен тұрақтылық орнап, бейбіт өміріміз мәңгілік болсын!
Жеңіс күні құтты болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1216953?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау