Қызмет пен спорттың батырлары: СҚО-да мұз айдынындағы табысты ойыны үшін полицейлер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мамыр мерекелері қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов ҚР ІІМ Кубогына арналған шайбалы хоккей турниріне қатысқан қызметкерлерді марапаттады.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары «Достар» командасының құрамында беделді турнирдің көшбасшылары қатарынан тұрақты орын алып келеді: олар үшінші рет күміс жүлдеге ие болып, тек алаң иелеріне жол берді.

Әріптестерінің пікірінше, «Достар» командасының ең нәтижелі ойыншысы — Петропавл қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының қызметкері Роман Брехт. Биыл ол 8 шайба соқты. Ал команданың қақпашысы — СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин финалдық ойында ғана қарсыластардың 41 соққысын қайтарды.

«Достар» командасының құрамында полиция қызметінің нағыз батырлары бар: жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері, учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлер және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері. Олар күн сайын азаматтарды қылмыстан қорғап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Командалық ойын оларға дене дайындығын сақтауға және ұжымдық бірлікті нығайтуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1216956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version