Родина ауылында әскери техника музейі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отан қорғаушылар күніне орай Целиноград ауданындағы Родина ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінің филиалы ашылды. Мәдени нысан «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр бастамасымен және ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Қорғаныс министрі Даурен Қосанов, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Руслан Жақсылықов, сондай-ақ «Халық қаһарманы» және «Еңбек ері» атақтарының иегерлері қатысты. Қонақтар обелискке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шараға қатысушылар музей бойынша алғашқы экскурсияға шақырылды. Экспозиция ауылдың іргетасы қаланған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын қамтиды. Музей жәдігерлерінің басым бөлігі Ұлы Отан соғысы кезеңіне тиесілі.

«Бұл музей жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлес қосып, батырларымыздың ерлігін ұлықтап, тарихқа деген құрметті арттырады. Мұнда халқымыздың қайсарлығы, рух күші мен ерлігі көрініс тапқан. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ашылуы – ардагерлер мен ел қорғаған азаматтарға көрсетілген зор құрмет. Музей өңір үшін маңызды мәдени-ағартушылық орталыққа айналады деп сенемін», – деді Марат Ахметжанов.

Даурен Қосанов ақмолалық батырлардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан зор үлесін және ұрпақтар сабақтастығын атап өтті. Оның айтуынша, түрлі әскери қақтығыстарда болған техника енді ел игілігі жолындағы еңбекті қадірлейтін қасиетті жерде сақталатын болады.

Музей келушілерді өңір мен Родина ауылының тарихымен таныстырып, туған өлкенің батырларын ұлықтауға бағытталған. Сонымен қатар жастарды ерлік пен жанқиярлық үлгісінде әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді. Кешен аумағында бронетанк, авиация және су әскери техникасының үлгілері орналастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1215979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version