“САБАҚ TIME” жобасы аясындағы үздік сабақтар байқауының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпан айының 10-12 аралығында «Сабақ ТІМЕ» жобасы аясында үздік сабақтар байқауы өткізіліп, өз мәресіне жетті. Мақсаты- сапалы сабақтардың үлгісін көрсету, сабақ жоспарлаудың тиімді жолдарын көрсету.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, шығармашылығын және жаңашыл әдіс-тәсілдерін дамытуға бағытталған маңызды шара.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 13 педагог қатысып, сабақтарын ұсынды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Үздік сабақ-2026» байқауының жеңімпазы:
Ералиева Балзия Камбаровна, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі;

I дәрежелі диплом
-Калдарбекова Газиза Курмангазиевна, №16 жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі;

II дәрежелі диплом
-Құдайберген Бибінұр Жақсылыққызы, №7 жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі;
-Дүкенбай Жандос Дүкенбайұлы, №27 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі;

III дәрежелі диплом
-Жаркенова Акерке Айтугановна, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі;
-Тасова Асель Суиндиковна, №25 жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі;

Байқауға жауапкершілікпен қатысқан педагогтерімізге кәсіби өсу мен өрлеу тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1216279?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version