«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ құқықтық және ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ базасында «Киберқауіпсіздік» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шара барысында цифрлық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері қаралды, оның ішінде:
– киберқылмыстың алдын алу;
-интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл;
– дербес деректерді қорғау;
– ақпараттық кеңістікте жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.
Тыңдаушылар ретінде мемлекеттік қызметшілер, жоғары оқу орындарының студенттері және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар қатысты.
Спикерлер ретінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшенің, цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері, сондай-ақ «Digital Qalqan» ЖШС, «iBatyr», Kaspersky, «BESupply» және TSARKA компанияларының ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметкерлері сөз сөйледі.
Қатысушылар цифрлық ортадағы заманауи қауіптер, интернет-алаяқтықтан қорғау тәсілдері және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы өзекті ақпарат алды. Сондай-ақ, жаңа Конституцияның цифрландыруға және цифрлық мемлекеттің дамуына қатысты ережелері түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1216374?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау