Сізді 90 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз – сұрапыл соғыс жылдарында тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатқан асыл жандардың бірісіз. Сіздің төккен теріңіз, көрген бейнетіңіз – бүгінгі бейбіт өмірдің берік іргетасы.
Тарихтың ауыр жүгін қайыспай көтерген қайсарлығыңыз бен сабырлылығыңыз – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі. Сіздің өмір жолыңыз – ерлікке пара-пар тағылымды ғұмыр.
Осынау тоқсанның төріне абыроймен жеткен Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығы мен шаңырағыңызға береке тілейміз. Ұрпағыңыздың қызығына бөленіп, елдің құрметіне бөлене беріңіз! Сізге деген құрметіміз шексіз, алғысымыз шынайы! Ғұмырыңыз ұзақ, мерейіңіз үстем болсын
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1216806?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау