4 мамыр күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Қ. Сафин атындағы бокс мектебінің спортшылары және жаттықтырушылар құрамымен «Дәстүрлі ислам мен деструктивті діни ағымдардың сенім мәселелеріндегі айырмашылықтары» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын орнықты түсіндіру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Әсіресе діни әртүрлілік мәселелері, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және маман тарапынан жан-жақты жауаптар алды. Осындай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және әсіресе діни білім.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1216391?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау