Спортшылардың ата-аналары және жаттықтырушылар құрамымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 мамыр күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер жекпе-жек спорт мектебінің спортшылар ата-аналары және жаттықтырушылар құрамымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының өзекті жағдайы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын орнықты түсіндіру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Әсіресе діни әртүрлілік мәселелері, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және маман тарапынан жан-жақты жауаптар алды. Осындай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, ыни ойлау қабілетін дамытуға және әсіресе діни білім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1216394?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version