Суару мәселесі бойынша шаруа қожалықтар басшыларымен жиын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балықты өзенінің бойындағы Еркін округі аумағында орналасқан шаруа қожалықтары басшылары, БалқашАлакөл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясының өкілдерімен, Талдықорған қаласының табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен, Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарымен және Еркін ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен жиыны өтті. Шаруа қожалықтарының басшыларына егіс алқаптарын суару мақсатында Балықты өзенінен су алуға арнайы рұқсат құжатын ресімдеу қажеттілігі түсіндірілді, рұқсат құжаты болмаған жағдайда ҚР Заңына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылғаны туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-erkin/press/news/details/1216326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version