Телефондық терроризмнің алдын алу: Алматыда ақпараттық жоба басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жалған шақыру әлеуметтік нысандардың жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы (бұдан әрі – АҚЖШ) алдын алу жұмыстарының шеңберінде жалған телефондық терроризм әрекеттерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық бейнематериалдар циклін іске қосты. 
Бірінші бейнеролик қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және қаланың қалыпты өмір сүруін бұзатын, жасанды құрылғылар және басқа да көрінеу жалған хабарламалар салынған деген телефондық әзілдер тақырыбына арналған.
Материалда мұндай әрекеттер зиянсыз емес және қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда, елеулі құқықтық салдарға әкеп соғатыны түсіндіріледі. 
Өйткені, тіпті бір жалған қоңырау адамдардың эвакуациялануына, төтенше жағдай қызметтерінің едәуір күштері мен қаражатының тартылуына, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жұмысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. 
АҚТЖШ – аталған жобаның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты көзқарасты қалыптастыру және цифрлық және телефондық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтеді.
 
Материал Алматы қаласы бойынша 
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалған

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216372?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version