«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қамысқала ауылдық округінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін қалыптастыру және көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сай рәсімделуін насихаттау мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында округ аумағындағы дүкендерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлермен кездесулер барысында жарнамалық мәтіндерді, маңдайшаларды, хабарландырулар мен баға көрсеткіштерін мемлекеттік тіл нормаларына сай сауатты әрі көркем жазудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптары жөнінде ақпарат беріліп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы кеңінен насихатталды. Кәсіп иелеріне тіл тазалығын сақтау, қате жазылған мәтіндерді түзету және көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Аталған шараның басты мақсаты – ана тіліміздің мәртебесін көтеру, қоғамда сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.

Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы. Әрбір азамат мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосуы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1216919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version