Жас спортшылар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шымкентте жас спортшылар мен жаттықтырушылар құрамының арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ рухани-адамгершілік, діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтуде. 
Іс-шаралар №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт  мектебінде, сонымен қатар «Оңтүстік футбол академиясы спорт клубы» кешенінде тренерлер мен спортшылардың қатысуымен ұйымдастырылды. 
Кездесулердің мақсаты  – жастар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту, діни сауаттылықты арттыру және радикалды ағымдардың таралуының алдын алу.
Кездесулерде теологтар қатысушыларға экстремистік және радикалды мазмұндағы ақпараттың белгілерін түсіндіріп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүзеге асырылатын жасырын үгіт-насихат әдістеріне, сондай-ақ олардың жастардың санасына кері әсеріне ерекше назар аударды.
Одан бөлек, шетелде діни білім алудың ықтимал қауіптеріне, сондай-ақ жаттықтырушылардың жас спортшыларды тәрбиелеудегі рөліне қатысты мәселелерге тоқталды.
Кездесулер барысында нақты жағдайлар талданып, қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау және оларға дұрыс әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Іс-шаралар ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға еркін пікір алмасуға және өздерін толғандырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берді. 
 
 
Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version