Жеңіс күні қарсаңында майдангерлерге құрмет көрсетілді
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс жылдарының ауыртпалығын көріп, ел үшін ерлік көрсеткен ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Майдангерлер — Шанбаев Шалданбай, Иван Макеев және Иванов Геннадийдің шаңырағына арнайы барып, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты марш орындалды.
Ардагерлердің қатарында ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендері мен көптеген жауынгерлік медальдардың иегерлері бар.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Батырлардың жанқиярлығы — кейінгі ұрпаққа мәңгі үлгі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1216877?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау