ЖЕҢІС КҮНІМЕН!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бұл күнді біздің еліміздің әрбір отбасы майданға аттанған жақындарын кескілескен соғыс өтінде арпалысқан аталарын, тылда еңбек еткендерді, олардың жеңіске деген ерік-жігерін еске алады.

Біздің қасиетті міндетіміз – халқымыздан дара шыққан батырларымыздың рухын үнемі естен шығармау, осы атаулы күнді құрметтеу және бізге ашық аспан сыйлаған, майданда шейіт болған соғыс ардагерлерін еске алу, болашаққа жоспар құруымызға жол ашқан батырларымызды мәңгі есте сақтау басты мақсат болып табылады.

Қымбатты ардагерлерімізге және барлық қазақстандықтарға денсаулық, бақыт, өмірлік күш, туыстары мен жақындарының жылуы, бейбітшілік пен амандық тілеймін! 

Мәслихат төрағасы    Г. Шаймарданова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1216314?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version