1-9 мамыр аралығында Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ел біріншілігінің дүбірлі додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың топтық кезеңінде жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы жартылай финалда Алматы облысының құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.
Ал шешуші кездесуде жамбылдық көкпаршылар Шымкент қаласының командасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша, Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстан Республикасының 16 дүркін чемпионы атанып, ел спорты тарихындағы жарқын жеңістерінің бірін тіркеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1217149?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау