Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетілді. Өңірде көзі тірі 4 майдангердің әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде біржолғы қаржылай төлем берілді.
Бұдан бөлек, Ленинград қаласының қоршауы кезінде еңбек еткен және тиісті марапаттарға ие болған өңірдегі 2 азаматқа 86 500 теңгеден біржолғы төлем қарастырылған.
Зұлмат жылдары фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған азаматтарға да 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.
Бұл бастама – ел болашағы үшін жанын аямаған аға буынға деген терең құрмет пен алғыстың айқын көрінісі. Бүгінде соғыс ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Сол себепті олардың өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі болып отыр.
Жалпы, соғыс жылдары Қазақстаннан 1 миллионнан астам адам майданға аттанып, ел қорғау жолында ерлік көрсетті. Олардың жанқиярлығы мен қайсарлығы бүгінгі бейбіт өмірдің берік негізіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1217038?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау