9 мамыр – Жеңіс күні Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
Аты аңызға айналған мерген, шығыстың қос шынарының бірі – Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етуге депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер бірлестіктерінің мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары жиналды.
Іс-шараға қатысушылар майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін мемориал алдына елдің азаттығы мен бейбіт болашағы жолында жанын қиған батырларға тағзым ретінде гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге кешен маңында сап түзеген құрмет қарауылы ерекше көрік берді.
Ақтөбеде Жеңіс күніне орай өткен еске алу шаралары өткенге деген құрметтің және ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызды белгісіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1217073?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау