Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов “Отан Ана” монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті.

Іс-шараға Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһармандары генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов, Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілер қатысты.

Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жеңіс күні қазақстандықтар үшін бейбіт өмірдің бағасын терең сезіндіретін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, татулық пен ел тыныштығын сақтаудың маңызын еске салатын тарихтағы ең қастерлі күндердің бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version