ШҚО әкімі өңір тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО әкімі өңір тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады:

-Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 9 Мамыр – батырлық пен жанқиярлықтың символына айналған қастерлі күн, майданда Отан үшін от кешкен қаһармандарға, тылда тынымсыз еңбек еткен жандарға тағзым ететін ерекше мереке.

Сұрапыл соғыс жылдарында халқымыз, оның ішінде Шығыс Қазақстан тұрғындары Жеңіс жалауын желбіретуге өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде арамызда жүрген ардагерлеріміз – ел тарихының тірі шежіресі.

Барлық майдангерлерге және тыл еңбеккерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Ең бастысы, келер ұрпақ ешқашан соғыс қасіретін көрмей, елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрсын. Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметпен, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1217034?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version