Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қымбатты достар!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – бейбіт өмір мен тыныштық жолында жанын қиған батырларымыздың рухына тағзым ететін ерекше күн. Біз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне әрдайым құрметпен қараймыз және оларға шексіз алғыс білдіреміз.

Бүгінде біз батырларымыздың арқасында бейбіт елде өмір сүріп, еңбек етіп, болашаққа сеніммен қадам басып келеміз. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Ардагерлерімізге тағзым етеміз!

Бейбітшіліктің қадірін біліп, оны бірге сақтайық! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Жеңіс күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Абзал Егембердиев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1217046?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version