9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс саябағында» “Шыңға өрлеу” әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері мен тәлімгерлері ардагерлерге арналған “Біздің мәңгілік жадымызда” атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар Жеңіс батырларына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетті. Концертте тәрбиеленушілер Отан, бейбітшілік және ерлік туралы тақпақтар оқып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, би билеп, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балалардың өнерін тамашалаған ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру, Ұлы Жеңістің маңызын түсіндіру және батырлардың ерлігін ұмытпауға тәрбиелеу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1217141?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау