Атырау облысында АПВ-ға қарсы вакцинация қарқыны артты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысында қыз балалардың денсаулығын қорғау және онкологиялық аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау науқаны қарқын алып отыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр өңірде 11–13 жас аралығындағы 5341 қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алып, профилактикалық шаралармен қамтылған. Бұл көрсеткіш ата-аналардың вакцинаға деген сенімі артып, профилактикалық медицинаның маңызын түсіне бастағанын аңғартады.

Жалпы, облыста 2024–2026 жылдар аралығында 7900-ге жуық қыз бала вакцинамен қамтылған.

Мамандардың айтуынша, 11–13 жас аралығы екпе алу үшін ең қолайлы кезең болып саналады. Себебі дәл осы уақытта ағзада вирустың қауіпті түрлеріне қарсы тұрақты иммунитет тиімді қалыптасады.

Дәрігерлер АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін атап өтеді. Сондықтан ата-аналарды қыз балаларын уақытылы екпе алуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1217223?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version