9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тыл еңбеккері Прасковья Петровна Ляпинаны құттықтады.
Тыл ардагері 1931 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек етіп, егіс алқаптарында және өндіріс орындарында жұмыс атқарған.
Бүгінгі бейбіт өмір мен ұрпақ болашағы – сол бір қиын кезеңде ел үшін еңбек еткен ардагерлердің қажырлы еңбегі мен төзімінің нәтижесі. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1217201?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау