Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026: 5 дзюдошымыз финалдық бөлімге шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дзюдодан Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің шешуші күні өтіп жатыр.

Күндізгі бөлімде ерлер 90, 100, +100 келі және әйелдер 78, +78 келіде белдесіп, нәтижесінде 5 жерлесіміз финалдық бөлімде күресуге мүмкіндік алды.

Финал

100 келі
🇰🇿Марат Байкамуров🆚🇲🇩Вадим Жимбовчи (Молдова)

+78 келі
🇰🇿Кәмила Берліқаш🆚🇷🇺Елис Старцева (Ресей)

3-орын үшін белдесулер

90 келі
🇰🇿Айдар Арапов🆚🇳🇱Франк Де Вит (Нидерланд)

78 келі
🇰🇿Екатерина Токарева🆚🇫🇷Лиз Нгелебева (Франция)

+78 келі.
🇰🇿Аида Тойшыбекова🆚🇮🇹Тизиана Марини (Италия)

Финал және қола жүлде үшін кездесулер 17:00-де басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1217234?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version