Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекеме қызметкерлері 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай “Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі” КММ-ге арнайы барып, рухани іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар кітапхана қызметкерлерінің еңбегімен танысып, олардың білім мен руханиятты дамытуға қосып жүрген үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, кітапхана жұмысындағы заманауи бағыттар мен жаңа жобалар таныстырылып, қонақтар кітапхана қорымен және оқырмандарға ұсынылатын қызмет түрлерімен жақынырақ танысты.
Кездесу барысында кітаптың қоғамдағы маңызы, оқырман мәдениетін қалыптастыру және жастарды кітап оқуға баулу мәселелері сөз болды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, рухани құндылықтарды насихаттау бағытында осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217206?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау