ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күніне орай облыс орталығындағы Даңқ мемориалында «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов отбасымен бірге қатысты.

Сұрапыл соғыстан оралмаған шығысқазақстандық боздақтардың рухына тағзым етіп, өшпес ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға жиналғандар жалпы саны 7199 шырақ жақты. Шырақтар үстіден қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі. Себебі биыл Жеңіс жалауының желбірегеніне 81 жыл толып отыр.

Ары қарай шара мерекелік концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Соңында халық отшашуды тамашалады. 

Айта кетейік, «Өз шырағыңды жақ» акциясы Өскеменде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1217189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version