ШҚО-да қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

     Жиналғандар халыққа қызмет етуді, заңды қорғауды және өз антына соңына дейін адал болуды таңдаған ерлерді еске алды. Олардың есімдері Қазақстан полициясының тарихында мәңгілікке жазылып, әріптестерінің, жақындары мен қызмет ардагерлерінің жүрегінде сақталады.

— Батырларымыздың ерлігі — батылдықтың, намыс пен Отанға деген шексіз берілгендіктің жарқын үлгісі. Біз олардың отбасыларымен бірге қайғыға ортақпыз және өз борышына соңына дейін адал болған жандарды әрдайым есте сақтаймыз, — деді ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

     Іс-шараға ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуы маңызды болды. Олар үшін қаза тапқан жолдастарын еске алу — өз өмірі мен қызмет жолының бір бөлшегі. Естеліктерге толы қарттардың жүздері ұрпақтар сабақтастығы мен офицерлік бауырластыққа адалдықтың символына айналды.

     ІІО және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев мұндай кездесулер батырлар есімін болашақ ұрпаққа жеткізуге көмектесетінін атап өтті.

— Біз бұл іс-шараны қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерімізді еске алу үшін өткізіп жатырмыз. Осы еске алу күнін ұйымдастырғаны үшін департамент басшылығына алғыс айтамыз. Мемориалдық тақтада еліне соңғы демі қалғанша дейін қызмет етіп, жүрек қалауына адал болған 69 қызметкердің есімі жазылған, — деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

     Рәсім соңында барлық қатысушы мемориалға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1217160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version