10 мамыр күні Зайсан қаласы мен Күршім ауылында ҚР ҰҚК ШҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Зайсан және Күршім аудандары бойынша Шекара басқармаларында «Көктем–2026» әскери шақырылымының жас сарбаздары Әскери ант қабылдау рәсімін өткізді.
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің басшылығы, Зайсан және Күршім шекара басқармаларының командирлері, сондай-ақ жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Биылғы «Көктем–2026» шақырылымында Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан келген 300-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге серт берді.
Ант қабылдау рәсімі саптық алаңда салтанатты жағдайда өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1217230?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау