«Ұлы Жеңіс батырларына тағзым»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыланды ауылындағы орталық саябақта және Н. Қазанғапов көшесі бойындағы Ұлы Отан соғысы құрбандары мен ардагерлеріне арналған ескерткішке Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шара барысында майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтар мен ел игілігі жолында еңбек еткен ардагерлердің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Жиналған қауым батыр бабалардың ерлігі мен өнегелі жолы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтіп, Отан үшін жанын қиған ерлерге құрмет көрсетті. Сондай-ақ, марқұмдардың рухына құран бағышталып, дұға оқылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1217158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version