Абайланыз, туляремия!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туляремия – табиғи ошақтығы бар зоонозды жұқпа. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ сақталады: суда, ылғалды жерде, дәнде, сабанда, азық-түлік тағамдарында. 60°C дейін қыздырғанда 5-10 минуттен кейін өледі, қарапайым дезинфекциялаушы ерітінділермен жойылады.
Аурудың белгілері. Ауру жіті формада, кенеттен дене қызуының 390-400 С көтерілуінен басталады. Кенеттен бас ауруы, бас айналуы, аяқ бұлшық еттері, арқа және белдің аймағында ауырсыну, тәбеттің жоғалуы пайда болады. Ауыр жағдайларда құсу, мұрыннан қан кету болуы ықтимал. Сипаттық белгілері – лимфалық түйіндері ұлғаяды, олардың өлшемдері бұршақ пен жаңғақ сияқты болуы мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 21 күнге дейін, орташа есептегенде 3-7 күн болады.
Туляремияны қайда және қалай жұқтыру мүмкін? Табиғатта туляремиямен көбінесе тышқандар, су кеміргіштері, ондатрлар, кұндыздар, атжалмандар ауырады; мысық және иттер азырақ сезімтал; адам өте сезімтал.
Инфекция адамға терінің зақымдалуымен таралады (кенеде, бүргеде, масада, сонада, құрт-құмырсқада және т.б.) тістегенде және тыныс жолдар арқылы беріледі. Құдықтан және табиғи су қоймаларынан, шаруашылық жұмыстар кезінде (шөппен, құрама жемнен, қоқыстан және т.б.) алынған қайнамаған суды ішкенде, кеміргіштердің қиымен ластанған, азық-түлік тағамдарды жегенде ауру жұғуы мүмкін.

Аңшылар үшін ауру малүлкен қауіп төндіреді, өйткені мал етін бөлгенде, терісін алғанда, терінің зақымдалған жерлері арқылы қоздырғыш адамның ағзасына түсуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1217323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version