Футболды таңда — дұрыс жолды таңда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялаған «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы аясында Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, қосымша бақылауды қажет ететін жасөспірімдер үшін футбол матчын тамашалауды ұйымдастырды.

Матчқа мыңдаған жанкүйер жиналды, ал жасөспірімдер үшін бұл жай ғана спорттық іс-шара емес, командалық рухты, қолдауды және үлкен спорттың шынайы эмоциясын сезінуге мүмкіндік болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерді спортқа және пайдалы бос уақыт өткізуге тарту, сондай-ақ заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, дәл осындай бастамалар жасөспірімдерге дұрыс бағыт табуға көмектеседі, тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді және олардың энергиясы мен мінезі көшеде емес, спортта жүзеге асуы керектігін көрсетеді.

Бүгінде футбол тек ойын ғана емес, балалардың қауіпсіз болашағы үшін жүргізіліп жатқан үлкен профилактикалық жұмыстың бір бөлігіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version