🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: АТҚАРЫЛУЫ ТИІС МІНДЕТТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Департамент басшысының орынбасары Тулендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен еңбек қатынастары бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарланған міндетті атқарылуы тиіс жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында Департамент қызметкерлерімен лездеме жиналыс өткізілді.
 
Департамент басшысының орынбасары Мұрат Сағынұлы Департаментке келіп түскен арыз-шағымдардың орындалу тәртібі мен мерзімін қадағалау, жүргізілген тексерулер, сала бойынша талдау, берілген нұсқамалар және олардың орындалуы, ол бойынша орын алған заң бұзушылықтарға қатысты салынған айыппұлдар заңдылығына талдау жасап, сын-ескертпелерге тоқталып өтті.
 
Сонымен қатар, өндіріс орындарында орын алатын жазатайым оқиға кезінде міндетті сақтандыру шарттарын жасамаған ұйымдарға мониторинг жасай отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері және зейнетақы жарналарының аударылу заңдылықтарын қадағалау бойынша мәселелер қаралды.
 
Жиналыс соңында Департамент басшысының орынбасары жоғарыда көтерілген мәселелерді ескеруді және қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуы тиіс міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1217807?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version