28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай РИКА ТВ арнасына берген сұхбат барысында «Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті» РММ 2026 жылдың І тоқсанындағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы ахуал туралы мәлімдеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыста өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың І тоқсанында 25 жазатайым оқиға тіркеліп, 26 қызметкер зардап шекті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 18,2%-ға артқан. Өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген жоқ.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – қауіпсіздік талаптарын сақтамау және адам факторы.

Департамент қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1217369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version