7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Ақсай ауылының су құбыры қызметкері Нұрғалиев Қажығали Іздашұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сый-сияпатқа ие болды. Қажығали Іздашұлы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүрген еңбекқор жан. Ол осы салада 10 жылдан астам уақыт табанды еңбек етіп, ауылдың тыныс тіршілігіне өз үлесін қосып келеді. Күннің ыстығы мен суығына қарамай, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтың еңбегі әрқашан қызметке құрметке лайық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir-aksai/press/news/details/1217506?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау