Тұран ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Еліне қорған болған ерлерге тағзым!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға 6506 және 6698 әскери бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ аудан ардагерлері қатысты. Мерекелік жиында Тұран ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Д. Балганов әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыстап, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріне ерекше ризашылығын білдірді.
Кеш барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледж ұландарының дефилесі мен қоян-қолтық ұрыс көрінісі көпшіліктің зор ықыласына бөленді.
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барша азаматтарға құрмет пен алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1218350?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау