Құрметті отандастар!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – батырлық пен қайсарлықтың, елге деген адалдық пен жанқиярлықтың айқын көрінісіне айналған мереке. Ұлы Отан соғысында Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге, ұлт рухын асқақтататын ұлы мұра.
Бүгінгі бейбіт өмір мен тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – сол бір сұрапыл жылдары жанын қиған қаһармандардың өлшеусіз ерлігінің жемісі. Олардың есімі ел жадында мәңгі сақталып, ұрпақ жүрегінде әрдайым құрметпен жаңғыра береді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнасын!
Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1218386?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау