Әділдік жеңді: полицияның жеделдігінің арқасында тұрғынның ақшасы қайтарылды
50 жастағы қала тұрғыны өзін риелтор ретінде таныстырған алаяқтың құрбаны болған. Ипотека рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен күдікті жәбірленушінің телефонындағы банк қосымшасы арқылы, оның атына 800 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.
Үлбі полиция бөлімінің тергеушісі, полиция майоры Дамысгул Трумованың кәсіби жұмысының арқасында күдіктінің жеке басы тез анықталып, келтірілген шығын толық көлемде өтелді.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады: өзіңіздің ұялы телефондарыңыз бен банк қосымшаларыңыздың деректерін, тіпті өзін маман ретінде таныстырған адамдарға да, ешқашан бермеңіздер.
Бұл оқиға — полиция қызметкерлерінің адал қызметі мен табандылығы азаматтардың сенімін нығайтып, әділдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретінінің айқын дәлелі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1218038?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау