Алматы облысында мереке күндері қоғамдық қауіпсіздік күшейтілген тәртіпте қамтамасыз етіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мереке күндері Алматы облысының Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару тәртібіне көшеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде мәлімдеді.

Полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу. Осыған байланысты өңір аумағында патрульдеу күшейтіліп, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізу деректерін анықтау, адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі.

– Әрбір қызметкерден жоғары қырағылық, тәртіптілік және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту талап етіледі. Біздің іс-әрекеттеріміз тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Алматы облысының полициясы тұрғындар мен өңір қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға және қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1217943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version