Ақмола өңірінің жас инженерлері Қазақстан намысын халықаралық Fibonacci Eurasia Robot Olympiad (FIRO 2026) робототехника олимпиадасында абыроймен қорғады. Олимпиада Анталия қаласында өтіп, оған Әзербайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және басқа да елдердің командалары қатысты. Қазақстанның ұлттық құрамасы 84 командадан тұрып, ең ірі делегациялардың біріне айналды.
FIRO 2026 қорытындысы бойынша әртүрлі санаттарда І дәрежелі дипломдарды ақмолалық оқушылар Иманғали Тоқтау, Фархат Лашынтай, Асанали Кайролла, Досымжан Құрман, Алаш Махмет және Жанали Тоқтар иеленді. Сондай-ақ Абылайхан Серік Autonomous Car Racer санатында орта жас тобындағы қатысушылар арасында үздік бестіктің қатарына енді.
Сәтті өнер көрсету нәтижесінде Ақмола облысының командасы желтоқсан айында Италияда өтетін олимпиаданың әлемдік финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Fibonacci International Robot Olympiad робототехника саласындағы әлемдегі ең ірі турнирлердің бірі саналады. 2018 жылдан бері олимпиада технология әуесқойларын, студенттерді, инженерлер мен сала сарапшыларын біріктіріп келеді. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып қана қоймай, әлемдік озық инновациялармен танысуға мүмкіндік алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1218275?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау