Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері үшін ымдау тілін оқыту курсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлерге арналған «Саусақтар сөйлейді» атты ымдау тілін оқыту курсы ұйымдастырылды.

Оқу барысында қызметкерлер ымдау тілінің негіздерімен танысып, есту қабілеті бұзылған адамдармен қарым-қатынас жасаудың негізгі тәсілдері мен сөз тіркестерін меңгерді. Сабақты білікті мамандар жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — инклюзивті мәдениетті дамыту және ерекше қажеттілігі бар азаматтармен коммуникация жасау дағдыларын арттыру.

Курс соңында қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, алынған білім сотталғандармен, оның ішінде есту қабілеті бұзылған азаматтармен жұмыс барысында аса қажет болып табылады және тиімді өзара іс-қимыл жасауға, түсіністік орнатуға әрі азаматтардың құқықтарын сақтауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1218412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version