Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 12, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбеде мүгедектігі бар жандарға арналған бассейні, спорт залы және стационары бар оңалту орталығы салынып жатыр

Жарияланды:

12/05/2026 09:21

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Мекеме 150 орынға шақталған және кешенді медициналық әрі әлеуметтік оңалту қызметтерін көрсетуге арналған.

Өңір басшысы Асхат Шахаров құрылыс алаңына барып, нысанның салыну барысы және атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайымен танысты.

Орталықтың құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталған. Жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу және жабдықтарды толықтыру мәселелеріне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылған еді. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс 2025 жылдың тамыз айында қайта жанданды. Нысанды 2026 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда мұндағы дайындық 70 пайызды құрайды. Бүгінде ішкі әрлеу және қасбеттік жұмыстар жүргізілуде. Бас мердігер — «Интерстиль» ЖШС.

Оңалту орталығы бес гектардан астам аумақта орналасады және бірнеше функционалдық блоктан тұрады. Кешенде емдік-жүзу бассейні, спорт және акт залдары, медициналық және оңалту кабинеттері, асхана, сондай-ақ келушілердің уақытша тұруына арналған стационар қарастырылған.

Жоба аясында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ғимаратта жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға арналған арнайы жағдайлар, сондай-ақ арба пайдаланатын адамдарға бейімделген бөлмелер мен тұрғын жайлар қарастырылған.

«Оңалту орталығы ерекше қажеттілігі бар адамдарға сапалы медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілетін заманауи әрі жайлы кеңістікке айналуы тиіс. Жұмыстардың сапалы орындалуы, қолжетімді орта мен қауіпсіздік талаптарының толық сақталуы маңызды. Пайдалануға берілгеннен кейін орталық адамдардың оңалуына, бейімделуіне және қоғамға кірігуіне толық мүмкіндік жасауы керек», — деді өңір басшысы.

Жаңа орталық өңірдегі мүгедектігі бар адамдардың оңалуы және әлеуметтік бейімделуіне арналған мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1217408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті
Next: «Ұлы Жеңіс- елдің бекем тірегі»→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version