Астанада С.Мұқанов көшесінің Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 12-22 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1217581?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау