Атыраулықтар Жеңіс күнінде мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр Жеңіс күніне орай атыраулықтар сұм соғыстан қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсетті.

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысты.

Қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына тағзым жасады.

Еске алу іс-шарасына облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, тыл еңбеккерлері, әскери бөлім сарбаздары, Ауған соғысы, Тәжік-Ауған қақтығысы мен Чернобыль апатының ардагерлері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1217740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version